$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада оқушылар мен студенттер аязға байланысты қашықтан оқиды

Бірінші ауысым толықтай онлайн форматқа көшірілді

Астанада оқушылар мен студенттер аязға байланысты қашықтан оқиды
Фото: pixabay.com

Ауа райының күрт суытуына байланысты елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 15 қаңтар күні бірінші ауысымда оқитын 0–11 (12) сынып оқушылары және 9-сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн форматта білім алады.

«2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0–11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген ресми хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 15–17 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты бірнеше өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Айта кетейік, бүгін де еліміздің бірқатар аймағында қатты аяз салдарынан екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары онлайн оқуға көшкен болатын.

Серіктес жаңалықтары