$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елде 2027 жылы электр тапшылығы жойылады

Үкімет 2026 жылға дейін бірқатар ірі энергетикалық жобаны жүзеге асырмақ

Елде 2027 жылы электр тапшылығы жойылады
Фото: istockphoto.com

2027 жылдың алғашқы тоқсанына қарай Қазақстан электр энергиясына деген тапшылықтан толық арылып, энергиямен қамтамасыз етілген елдер қатарына қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Үкімет баспасөз қызметінің ақпарынша, 2026 жылы ел аумағында жалпы қуаты шамамен 2,6 ГВт болатын жаңа энергия көздері іске қосылады. Оның ішінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобалары да бар.

Нақтырақ айтқанда, алдағы жылы 173 МВт қуат беретін ЖЭК нысандары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар бірқатар ірі жылу электр стансалары мен бу-газ қондырғылары іске қосылмақ.

Негізгі жобалар қатарында Алматы облысындағы «Текелі энергия кешені» ЖШС бар. Кәсіпорын қуаты 17 МВт болатын үш жою қазандығы мен бу турбинасын 2026 жылдың маусым айында іске қосуды жоспарлап отыр.

Ал Атырау қаласындағы ЖЭО-да №11 турбоагрегат пен №15 қазандық пайдалануға беріледі. Аталған нысандардың жалпы қуаты – 59,6 МВт. Жоба 2026 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 2026 жылдың тамыз айында қуаты 240 МВт болатын бу-газды қондырғы іске қосылады. Түркістан облысында дәл осындай, бірақ әлдеқайда ауқымды жоба жүзеге аспақ. Мұнда қуаты 1000 МВт болатын бу-газды қондырғы 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Алматы қаласында да ірі жобалар қолға алынған. Қалалық ЖЭО-2-де 557 МВт, ал ЖЭО-3-те 544 МВт қуат беретін бу-газды қондырғыларды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл екі нысан да 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Үкіметтің мәліметінше, осы жобалардың барлығы іске қосылғаннан кейін, 2027 жылдың бірінші тоқсанына қарай Қазақстан энергиямен толық қамтылып, тапшылық мәселесін түбегейлі шешеді.

Бұған дейін Премьер-министр энергетика саласындағы стратегиялық жобаларды, соның ішінде атом энергетикасына қатысты бастамаларды қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін атап өткен еді.

Серіктес жаңалықтары