$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда ұлын белдікпен ұрған мұғалім айыппұл арқалады

Ол мемлекетке 384 мың теңге көлемінде төлейді

Қостанайда ұлын белдікпен ұрған мұғалім айыппұл арқалады
Фото: tobolinfo.kz

Қостанайда көп жылдық еңбек өтілі мен марапаттары бар педагогы тәрбиелік мақсатта кәмелетке толмаған ұлын белдікпен ұрған. Кейін бала мектепте мұғалімдер мен сыныптастарына арқасындағы көгерген іздерді көрсеткен. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тоболинфо» ақпарат агенттігі хабарлағандай, оқиғадан кейін бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, қатаң жаза қолданбауды сұрады. Процесс барысында баланың мінез-құлқында қиындықтар болғаны, оның үйден бірнеше рет қашып кеткені де айтылды.

Сот тараптар мен куәлардың барлық айғақтарын, іс материалдарын зерделей келе, педагогты кінәлі деп танып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға жатады.

Сондай-ақ 2025 жылғы қарашада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа білім бөлімінен аталған анаға қатысты талап арыз түскені белгілі. Болжам бойынша, бұл талап ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу мәселесіне қатысты болуы мүмкін. Алайда іс материалдары жарияланым үшін қолжетімсіз болғандықтан, нақты мәліметтер жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары