$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өмір бойы жинаған ақшасы еді»: Ақмолада 80 жастағы зейнеткер алаяқтарға 12 млн теңгесін аударып жіберген

Ақша шетелдік шоттарға аударылыпты

«Өмір бойы жинаған ақшасы еді»: Ақмолада 80 жастағы зейнеткер алаяқтарға 12 млн теңгесін аударып жіберген
Фото: freepik.com

Ақмола облысының Степногорск қаласында 80 жастағы зейнеткер алаяқтардың нұсқауымен барлық жинаған қаражатын шешіп алып, үшінші тұлғалардың есепшоттарына аударған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 3 желтоқсан күні ер адамға өзін бұрынғы жұмыс орнындағы кадр бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар телефон соққан. Олар егде жастағы азаматтарға қатысты алаяқтық деректер жиілегенін айтып, тексеру жүргізіп жатырмыз деген. 

Алаяқтар бірден психологиялық қысым көрсетіп, жағдайдың шұғыл екенін айтып, болған әңгімені ешкімге айтпауын талап еткен. Үш күн бойы олар зейнеткермен үздіксіз байланыста болып, оның барлық әрекетін бақылауда ұстаған.

Қысымнан кейін зейнеткер депозитіндегі 10 миллион теңгесін шешіп, қосымша 2 миллион теңгеден астам жеке жинағын қоса алаяқтар айтқан шотқа аударып жіберген. Барлық қаражат алаяқтар көрсеткен шетелдік есепшоттарға үш транзакция арқылы аударылған. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары