$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Егін суаратын судың тарифін бұзған 21 нысанға ірі айыппұл салынған

Айыппұлдың көп бөлігі төленді

Егін суаратын судың тарифін бұзған 21 нысанға ірі айыппұл салынған
Фото: istockphoto.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында суару суын беретін табиғи монополия субъектілеріне қатысты бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, олар  бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындамаған, құзырлы органдарға тиісті есеп бермеген.

«Осыған байланысты 21 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 17,8 млн теңге айыппұл салынды. Осы соманың 14,8 млн теңгесі өндірілді», - деп хабарлайды министрлік.

Бұдан өзге, 11 субъектіні қатысты тарифтік сметалардың орындалуы жөніндегі есеп ұсынуға міндеттейтін 12 талап-арыз жазылған. Оның ішінде 6 іс бойынша сот министрліктің пайдасына шешім шығарды, қалған 6 талап-арыз қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары