$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен оны емес, ол мені жерлегені дұрыс болар еді»: Мұрат Бисенбиннің әкесі көз жасын тыя алмады

Ол баласының қандай азамат болғанын айтып, көз жасына ерік берді

«Мен оны емес, ол мені жерлегені дұрыс болар еді»: Мұрат Бисенбиннің әкесі көз жасын тыя алмады
Фото: instagram.com/murat_bissenbin

Алматы жұрты  Орталық мешіттен актер Мұрат Бисенбинді соңғы сапарға шығарып салды. Ол 8 қаңтар күні 54 жасына қараған шағында өмірден өтті. Соңғы бір жыл бойы актер онкологиялық дертпен күрескен, ал желтоқсан айында инсульт алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актердің әкесі Болат Бисенбин ұлының өте талантты болғанын, ағылшын тілін жақсы меңгергенін және салауатты өмір салтын ұстанғанын айтты.

Мұрат Бисенбин кино мен телесериалдардағы рөлдері арқылы көпшілікке танылды. Артында жары мен үш баласы қалды.

«Соңғы кездері жағдайы нашарлап кетіп еді. 8 қаңтарда «Мұраттан айырылып қалдық» деп естіртті. Өте ауыр. Қазақта ең қиыны балаңның артында қалғаның деп айтады ғой. Балалар бізді жерлеуі керек еді, керісінше емес. Темекі тартпады, ішпеді, спортпен айналысты. Өнерге жақын болып, киноға түсті. Қандай актер екеніне халық баға берді ғой», - деді Болат Бисенбин.

 

 

Серіктес жаңалықтары