$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.07.2020, 05:47
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік дәрігердің үндеуіне пікір білдірді

Ол қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік дәрігердің үндеуіне пікір білдірді
Фото: 24.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Видео жылдам тарап жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу нәтижесіне болжам жасап, асқынуға түсініктеме беріп, азаматтарды ауруханада қолданылып жатқан емдеуден бас тартуға шақырып отыр. Реабилитологтың айтқанына тоқталсақ, қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалған. Бұл танылған, дәлелденген әдістемелер», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланыса алмаған. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін кездесуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа YouTube арнасында видеоүндеу жолдап, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұраған еді.

Серіктес жаңалықтары