$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ата-анасының мәйіті табылды

Ата-ананың мәйіттері үй ауласынан табылды

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ата-анасының мәйіті табылды
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Полицияның мәліметінше, 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның денелері табылып, оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды және оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.

Жергілікті басылымдардың дерегінше, ерлі-зайыптылардвң денелері шаруашылық мақсаттағы құрылыс ауласында көмілген. Дегенмен, бұл ақпаратты құзырлы орган әзірге растамады. 

Қазіргі уақытта жоғалған отбасының қалған екі мүшесі – 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, ағасы мен отбасы мүшелері бір айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен. 5 желтоқсанда полиция аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс тіркеп, “адам өлтіру” бабы бойынша тергеу бастады.  

Серіктес жаңалықтары