$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан халқының саны 20,4 млн адамнан асты

Бір жылда халық саны 200 мың адамға көбейген

Қазақстан халқының саны 20,4 млн адамнан асты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамнан асқан. Ал жыл басында елде 20,2 миллионнан астам тұрғын болған. Осылайша, бір жыл ішінде халық саны шамамен 200 мың адамға артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы алғанда, қала тұрғындарының саны 239 949 адамға өсіп, 13 013 064 адамға жеткен. Ал ауыл халқы керісінше азайып, 44 469 адамға қысқарып, 7 465 815 адам болып отыр.

2024 жылдың желтоқсан айында қалаларда 12,9 миллионнан астам адам тұрған. Бұл көрсеткіш бір жылда 100 мыңнан аса адамға артқан.

Ал ауылдық елді мекендерде 7,4 миллионнан астам тұрғын бар. Алайда ауыл халқының саны бір жыл ішінде бірден 116 мың адамға азайғаны тіркелді.

Статистикаға сәйкес, халық саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр – мегаполисте 2,3 миллионнан астам адам тұрады. Одан кейінгі орындарда:

  • Түркістан облысы – 2,1 млн адам
  • Астана қаласы – 1,6 млн
  • Алматы облысы – 1,5 млн
  • Жамбыл облысы – 1,2 млн
  • Шымкент қаласы – 1,2 млн
  • Қарағанды облысы – 1,1 млн-нан астам тұрғын

Елдегі ең аз қоныстанған аймақтар қатарында Ұлытау облысы (219,2 мың адам) мен Солтүстік Қазақстан облысы (514 732 адам) аталды.

Серіктес жаңалықтары