Трамп Венесуэла басшысының өз еркімен берілгенін құптады
Трамп Мадуро дұрыс шешім қабылдады дейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроның ерікті түрде берілгенін дұрыс шешім деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, операция барысында америкалық арнайы жасақ «аса қатігез» әрекет еткен. Бұл туралы ол журналистерге ұшағында отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мадуро бірден берілді, қолын көтеріп, өз еркімен ұсталды. Ол дұрыс қадам жасады», — деді Ақ үй басшысы.
Трамптың айтуынша, арнайы жасақ өте тиімді әрі қатаң жұмыс істеген, алайда ол операцияның басқа егжей-тегжейін ашып айтпады.
Бұған дейін АҚШ президенті Венесуэлада жүргізілген АҚШ Қарулы күштерінің операциясы барысында Кубаның көп азматының көзі жойылғанын мәлімдеген. Әңгіме оңтүстікамерикалық ел президентін күзеткен адамдар тобы туралы болған.
3 қаңтар күні АҚШ Қарулы күштері Венесуэлаға соққы жасаған. Жарылыстар ел астанасы Каракаста, сондай-ақ Форт-Тиуна әскери базасында тіркелген. Сонымен қатар Ла-Карлота әуе базасы, Эль-Вулкан байланыс станциясы, Ла-Гуайра порты және басқа да стратегиялық маңызды нысандар шабуыл нысанасына айналған.
Трамп операцияны сәтті өтті деп бағалап, америкалық әскери күштердің Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті тұтқындағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Дональд Трамп Мадуроны қолға түсіруді «ұрлау» деп атауға да болатынын айтқан еді.