$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде ер адам күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өскеменде ер адам күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Фото: видеодан скриншот

Өскеменде ер адам көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен күшікті лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жануарларды қорғайтын ұйымның өкілі хабарлағандай, көршілер күшікті мал дәрігеріне көрсеткенімен, ол өліп қалған. 

 «Досым» орталығы бұл оқиғаның бірінші рет емес екенін атап өтті. Ер адамның айтуынша, бұған дейін де оның иттері болған, ол оларды өлтіргенін мойындаған. Сонымен қатар, күдікті ер адам волонтерлер мен көршілерді пышақпен қорқытқан деген ақпарат бар. Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

«Жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары