03.01.2026, 22:23
Жаңалықтар
Астанада жоғалған екі бала табылды
ТЖМ құтқарушылары жоғалған балаларды тапты
Фото: Видео скриншоты
Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Балаларды іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде іздестіру тобы Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)