4 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады
Кей өңірлерде жауын-шашын болады
4 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына циклон әсер етіп, қар, боран және қолайсыз метеожағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кей өңірлерде жауын-шашын болады
«Қазгидромет» РМК дерегіне сүйенсек, жауын-шашынсыз ауа райы тек елдің оңтүстік-батысы мен шығысында ғана сақталады. Ал қалған өңірлерде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар белсенді болады.
«Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта қатты жауын-шашын болуы мүмкін», — делінген синоптиктер болжамында.
Қауіпті метеожағдайлар болжануды
Мамандардың айтуынша, республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Бұл жағдайлар жол қозғалысын қиындатып, алыс сапарға шыққандар үшін қауіп тудыруы мүмкін.
Тұрғындарға ескерту
Синоптиктер ауа райы туралы ресми ескертулерді қадағалауға, қажетсіз жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе, боран мен көктайғақ кезінде жүргізушілерге аса сақ болған жөн.