National Geographic фотографтары елорда күніне фотокөрме ұйымдастырды
Жақында көрме онлайн режимде қолжетімді болады

National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының суреттерімен арнайы фотокөрме ұйымдастырды. Жақында көрме онлайн режимде қолжетімді болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Кадрларда елорданың шынайы өмірі бейнеленген: аязды қыс суреттері ыстық жаз күндерін алмастырып, қаланың көрікті жерлері, күнделікті өмірі, маңызды ойындар кезіндегі жанкүйерлер және т.б. Интернеттегі фотокөрме National Geographic фотографтарының объективі арқылы астананы бүкіл әлемге көрсетеді. Атап айтқанда, әлемге әйгілі National Geographic фотографы Джордж Штайнматцтың фотосуреттері ұсынылған (George Steinmetz)», - деп жазылған ақпаратта.
Галереяда қазақстандық авторлардың фотосуреттері де бар.