Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты
Бұл - барлық ауру жұқтырғандардың 1,49 пайызы
Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты. Бұл - барлық ауру жұқтырғандардың 1,49 пайызы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Бұл - әлемдегі орташа көрсеткіштен шамамен үш есе аз. Өткен тәулікте 168 адам індеттен көз жұмған. Ал одан бір күн бұрын бұл көрсеткіш 176 еді. Өсім - шартты түрде 1,7%. Штабтың мәліметінше, елде коронавирустан 10 027 адам қайтыс болған. Орта есеппен алғанда 100 мың ресейлікке 7 өлімнен келіп тұр», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, шұғыл штаб сәуірдегі РФ вице-премьері Татьяна Голикова ұсынған нақтыланған өлім-жітім статистикасын ескермейді. Сондай-ақ Мәскеу билігінің сәуір мен мамырда қайтыс болғандар туралы мәліметін де есептелмеген.