$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тосынсый жасағым келіп тұр»: Заттыбек Көпбосынұлы бауырына қымбат сыйлық берді

Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына тәнті болып, алғыс айтып жатыр

«Тосынсый жасағым келіп тұр»: Заттыбек Көпбосынұлы бауырына қымбат сыйлық берді
Фото: Instagram/zattybek

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы бауырына автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ешкім ешкімге міндетті емес, бірақ бауырды қуанышқа бөлеуді ұмытпау керек. Сондықтан қолымнан келгенше жақсылық жасап келемін. Қазір сюрприз жасағым келіп тұр», – деген әнші көліктің кілтін шығарып, ағасына табыстады.

Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына тәнті болып, алғысын жаудырып жатыр.

«Керемет! Бауыр деген осындай болу керек»,  «Әй жарайсың, нағыз жігіт!», «Құтты болсын, берекелі болсын, жолы әрқашан ашық болсын», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті.

«Қош бол, әке!

Анашыма сәлем айта барыңыз.

Бізде бәрі жақсы де.

Ең үлкеніміз 63-тен асты де,

Ең кішкентай шөберең,

Енді бірден асты де.

Шүкір де,

Біз өсірген ұл-қыздар

Бәрі бүгін өсті де...

Ақымыз болса кешіңіз, әкешім!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары