$ 502.57  591.68  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы спортшылары Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Сайыс қаңтардың соңында өтеді

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы спортшылары Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді
Фото: Olimpik.kz

Мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары