$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

1,3 млрд теңге салық төлемеген адам Грузиядан экстрадицияланды

Ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, заңсыз схема ұйымдастырған

1,3 млрд теңге салық төлемеген адам Грузиядан экстрадицияланды
Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Грузиядан Қазақстан азаматын елге қайтарды. Ол мемлекетке 1,3 млрд теңге көлемінде салық төлемеді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қылмыстық схема қалай жұмыс істеді?

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023-2024 жылдары Алматы қаласында коммерциялық құрылымды басқара отырып, бір топ адаммен алдын ала келісіп, заңсыз схема ұйымдастырған.

Ол іс жүзінде жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан. Осы заңсыз әрекеттердің салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеге жуық салық түспей қалған.

Халықаралық іздеу және ұстау

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін суытып, шетелге қашып кеткен. Соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

«2025 жылдың қыркүйек айында ол Грузияда ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол бүгін экстрадицияланды», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктіні қандай жаза күтіп тұр?

Аталған қылмысты жасағаны үшін заңда ауыр жаза қарастырылған. Күдікті кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін; Мүлкі тәркіленеді.

Серіктес жаңалықтары