29.12.2025, 09:00
Жаңалықтар
Астанада «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары марапатталды
ENU-да «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Фото: endowmentenu.kz
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Банк ЦентрКредит тарапынан тағайындалған «BCC Scholarship» білім беру бағдарламасының стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Стипендиялық бағдарлама ЕҰУ-дың экономика факультетінің талантты студенттерін қолдауға бағытталған.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша ЕҰУ экономика факультетінің мына студенттері «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары атанды:
- Сапарбек Ұлжан Диасқызы, 4 курс;
- Кенжебаева Альбина Ришатқызы, 4 курс;
- Амиш Ардах, 3 курс.
Жобаның ұйымдастырушысы – ENU Endowment Fund. Қордың қолдауының арқасында қазіргі уақытта 50-ден астам студент стипендияға, ал 40-қа жуық студент грантқа ие болды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
28.12.2025, 12:09
Астанада үш қабатты ғимарат өртеніп жатыр
28.12.2025, 07:28
Атырау облысында ер адам терезеден қараймын деп істі болды
28.12.2025, 21:20
«Жылдар бойы дайындалдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті
28.12.2025, 23:31
Атырау маңында жеке тұрғын үйде үш адам көз жұмды
28.12.2025, 17:12
Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді