$ 512.81  604.19  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Темірлан Анарбеков карьерасын «Фенербахчеде» жалғастыруы мүмкін

Оған қатысты түркиялық скаут пікірін айтты

Темірлан Анарбеков карьерасын «Фенербахчеде» жалғастыруы мүмкін
Фото: @anarbekov_temirlan77

Түркиялық бапкер-скаут Әли Эмре «Қайрат» клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy порталы kazfootball.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Түркияның «Фенербахче» командасы сапынан Ифран Джан Эгрибаяд кеткен жағдайда оның орнына Темірлан Анарбеков келуі мүмкін.

«Егер Ифран Джан Эгрибаяд командадан кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының қатарына кіреді. Ол алматылық «Қайрат» сапында бірнеше тамаша матч өткізді. Бельгиямен болған ойында тарихи ірі есепте жеңілістің алдын алды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оны 10-15 миллион еуроға да алу мүмкін болмас еді», – дейді Эмре.

Серіктес жаңалықтары