$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға бірнеше медициналық нысан ашылды

Нысандар ауыл тұрғындарын қолжетімді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етеді

Қарағанды облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға бірнеше медициналық нысан ашылды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен салынған екі жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Еңбекшіл және Жыланды ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен салынған екі жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жобаларды іске асыру қайтарылған активтердің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және шалғай өңірлердегі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғанының жарқын көрінісі болып саналады.

«Нысандар ауыл тұрғындарын қолжетімді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етіп, медициналық қызметтерге уақтылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Медициналық пункттер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және қолданыстағы стандарттарға толық сәйкес келеді.

Диагностикалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге барлық қажетті жағдай жасалған.

Медициналық пункттердің ашылуы қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, ауылдық аймақтардыдамытуға елеулі үлес қосады», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандарды іске асыру барысы Қарағанды облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары