$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Путин Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Ол екі ел арасындағы достық қатынасты ерекше атап өткен

Путин Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Фото: First News Media

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады. Құттықтаудың мәтіні Кремль сайтында жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Құрметті Ильхам Гейдарұлы, туған күніңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.Сіздің басшылығыңызбен Әзербайжан әлеуметтік және экономикалық салаларда жалпыға танылған табыстарға қол жеткізіп, халықаралық аренадағы өз позициясын дәйекті түрде нығайтып келеді.Екі ел арасындағы қатынастар достық, тату көршілік және өзара құрметтің игі дәстүрлеріне негізделген. Бұл байланыстар алдағы уақытта да стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дами беретініне сенімдімін, бұл Ресей мен Әзербайжан халықтарының мүддесіне толық сай келеді», - деп жазылған құттықтауда.

Сондай-ақ Владимир Путин Әлиевтің отбасына ыстық сәлемін жеткізуін сұраған.

Серіктес жаңалықтары