$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияларды жинағаны үшін сотталды

Ол екі бап бойынша сотталды

Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияларды жинағаны үшін сотталды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияларды жинағаны үшін сотталып кетті. 40 жастағы, қазір бұрынғы әділет подполковнигіне қатысты қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

№45 мекеме басшысына қатысты айып екі бап бойынша тағылды: «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» және «Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету».

«ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деп үкімді Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Жанар Тұрлыбаева жариялады.

Серіктес жаңалықтары