АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
Трамп Өзбекстан президентін де шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президентіг Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін таңертең мен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өткіздім. Біз қазіргі қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің маңызын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыладық», – дейді Дональд Трамп.
Ол өз сөзінде екі мемлекетпен де қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде екенін мәлім етті.
«Келесі жылы Америка Құрама Штаттары G20 саммитін өткізеді. Осы аса маңызды халықаралық іс-шараға аталған екі көшбасшыны қонақ ретінде шақыруды жоспарлап отырмыз. Саммит Майами қаласында өтеді», – деп АҚШ президенті сөзін аяқтады.
Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.