$ 515.02  604.22  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйға берді

Ол сыйлықты Қазақстан елшісі арқылы берді

Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйға берді
Фото: T.me/Ruslan Zheldibay

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйға берді. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады.

АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Серіктес жаңалықтары