Екі облыста республикалық жолдар жабылды
Қолайсыз ауа райы жүргізушілер үшін қауіп төндіріп тұр
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі бірдей облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жүргізушілер үшін қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай бағыттарда жол жабық?
20 желтоқсан күні сағат 11:30-дан бастап келесі жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды:
Қызылорда облысы: «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» тасжолының 1240-1806 шақырым аралығы. Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда қаласына дейін.
Ақтөбе облысы: Дәл осы халықаралық трассаның 1153-1240 шақырым аралығы. Бұл Ырғыз ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бағыт.
Жолдар қашан ашылады?
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, аталған жол учаскелері 2025 жылдың 20 желтоқсанында сағат 21:00-де қайта ашылуға тиіс. Жолдың ашылу уақыты ауа райының өзгеруіне байланысты түзетілуі мүмкін.
Жүргізушілерге сапарға шықпас бұрын ресми хабарламаларды қадағалап, шұғыл жағдайда 1403 нөміріне хабарласу ұсынылады.
Еске сала кетейік, синоптиктер 21 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғатынын ескерткен болатын.