Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр
Синоптиктер 20 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым аумағында ауа температура төмендеп, қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 4–6 градус аяз.
Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде 5–10, күндіз 3–8 градус аяз.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз аздаған қар жауады. Оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–8, солтүстігінде 11–16 градус аяз, күндіз 3 градус аяз -2 градус жылы.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алакөл маңында екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде 5–10, орталығында 15–20 градус аяз, күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылы.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында таңертең және күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде көктайғақ болады, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–8, солтүстігінде 11 градус аяз, күндіз 4 градус аяз -1 градус жылы.
Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, көктайғақ болады, кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 1 градус аяз-1 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0–5 градус аяз, батысы мен оңтүстігінде 3 градус жылы.
Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–5, шығысында 8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0–5 градус аяз, батысында 3 градус жылы.
Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, күндіз орталығы, оңтүстігі және шығысында аздаған жауын-шашын түседі. Солтүстігі мен батысында тұман түседі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз солтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 1–6 градус аяз.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 10–15, оңтүстігінде 5 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады, тұман түседі, солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с, кей жерде 25 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 7–12, солтүстік-батысында 17 градус аяз.
Павлодар облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 5–10 градус аяз.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде 8–13, шығысында 16–21 градус аяз, күндіз 4–9 градус аяз.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде солтүстігінде екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде 7–12, күндіз 3–8 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде аздаған қар жауады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 15–20, шығысында 23–28 градус аяз, күндіз 5–10, солтүстігі мен шығысында 15 градус аяз.
Абай облысының солтүстігінде аздаған қар жауады. Батысы, солтүстігі және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, батысы, солтүстігі және орталығында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 9–14, шығысы мен оңтүстігінде 19–24 градус аяз, күндіз 3–8 градус аяз.
Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жауын-шашын (негізінен қар) жауып, көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 6–11 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6–11 градус аяз, күндіз 4 градус аяз -1 градус жылы.
Жамбыл облысының оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–7, солтүстігінде 12 градус аяз, күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылы.