$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жемқорлардан қайтарылған ақшаға есебінен заманауи медициналық нысан салынды

Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік дәрігерлік пункті ашылды

Ақтөбеде жемқорлардан қайтарылған ақшаға есебінен заманауи медициналық нысан салынды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында жемқорлардан қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында бұл нысанның ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадамы екені жеткізілді.

«Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары