$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еріктілерді сақтандыру тетіктері: «Қолтаңба» бағдарламасында өзекті мәселе талқыланады

Волонтерлерді сақтандыру мәселесі «Қолтаңба» бағдарламасында қарастырылады

Елімізде еріктілер қызметіне қатысты бірқатар қолдау тетігі қарастырылғанымен, волонтерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселесі әлі шешімін таппаған. Осы түйткілдің қалай реттелетіні «Қолтаңба» бағдарламасының кезекті шығарылымында талқыланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда еріктілер қызметін реттейтін «Еріктілер қызметі туралы» арнайы заң бар. Аталған заңға сәйкес, волонтерлерге мемлекет тарапынан бірқатар қолдау қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке орналасу кезінде волонтерлік тәжірибе еңбек өтілі ретінде есептеледі, ал жоғары оқу орындарына түсу барысында белгілі бір жеңілдіктер беріледі.

Алайда, осы қолдауларға қарамастан, еліміздегі волонтерлердің өмірі мен денсаулығы сақтандырылмаған. Бұл – еріктілер қауымын алаңдатып отырған ең өзекті мәселелердің бірі.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет қандай нақты қадамдарға барады? Волонтерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері қарастырыла ма? Бұл сауалдарға жауап «Қолтаңба» бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылады.

Серіктес жаңалықтары