$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда ер адам көшеде азық-түлік сатып тұрған көлікке ұрлыққа түскен: оқиғаның видеосы тарады

Павлодарда ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері автокөліктен азық-түлік ұрлады деген күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, таңертеңгі уақытта күдікті иесінің болмауын пайдаланып, көшпелі саудаға арналған автокөлікке заңсыз кіріп, азық-түлік ұрлаған.

«Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері құқыққа қарсы әрекет жасалған  бейнежазбаны тәркіледі. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, ұрланған заттар тәркіленді», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.

Ұрлық фактісі бойынша, көлік құралына заңсыз ену арқылы жасалған меншік қылмысына жататын қылмыстық іс бойыншы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Полиция азаматтарға ескертеді: осындай заңбұзушылықтар ерекше бақылауда, және бөтен мүлікті заңсыз иеленуге әрекет жасаған тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады», – делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары