$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салынады – Нысанбаев

Ол үшін 293 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салынады – Нысанбаев
Фото: istockphoto.com

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоқыс өртейтін үш зауыт салу үшін 293 млрд теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы  Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, үкіметтің ресми сайты хабарлағандай,  елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6%-ға дейін өсті.

«Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», -  деді Ерлан Нысанбаев.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 293 млрд теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары