$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада шырша шамы жағылатын уақытта көлік қозғалысы шектелетін болды

Астана қаласының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Астанада шырша шамы жағылатын уақытта көлік қозғалысы шектелетін болды
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, барлық алты ауданда 19 желтоқсан күні бір уақытта 40‑тан астам жаңа жыл шыршасының шамы жағылып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін концерттер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Осыған байланысты көлік қозғалысына, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығыс жағындағы көшеге қатысты болады.

«Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу басталғанға бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.

Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлауы және жол қозғалысының ұйымдастырылуындағы өзгерістерді ескеруі қажет», – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары