«Бек Эйрден» 6 млн тг билет құнын өндіру бойынша іс сотқа жолданды - ТҚҚК
Онда 177 билет сатып алған 81 адамның құқығы қорғалмақ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Бек Эйр» АҚ-на қатысты Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында екінші рет арыз жолдады, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«ТҚҚК-ті жалпы құны 5 902 916 теңгеге 177 билет сатып алған 81 адамның атынан өкілдік етеді. ТҚҚК талабы – бұдан бұрын әуе рейстерге сатып алынған билеттердің толық құнын қайтаруға «Бек Эйр» АҚ қызметіне тұтынушылардың құқығын мойындау, тұтынушының кінәсінен болмағаны және тұтынушының пайдасына әуе билет үшін төленген соманы қайтару»,- делінген хабарламада.
Барлық келіп түскен өтініштер сот ісіне қосымша енгізіледі, ол үшін тұтынушылар ТҚҚК- не белгіленген формадағы өтінішті жіберу керек, оны келесі сайттағы сілтемеден жүктеп алуға болады.
Өтініштер келесі бойынша қабылданады:
- электрондық үкіметтің порталы;
- телеграмм бот-kzpp_bot.
Өтінішпен қатар мыналарды қоса тіркеу керек:
- жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);
- төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртегі және т.б.);
- билеттің көшірмесі;
- өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен анықтама);
- тұтынушы осы мәселе бойынша Бек Эйр компаниясымен бұрын байланысқандығын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.);