Мереке күндері Қазақстанның басым аумағында күн суып, нөсерлі жауын жауады
«Қазгидромет» синоптиктері 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстандықтарды «Астана күні» қарсаңында үш күндік демалыс күтіп тұр. Синоптиктердің болжауынша, бұл күндері еліміздің басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Орталық пен солтүстік облыстарда ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауса, батыс пен оңтүстікте күн жылы болады.
«Қазақстан басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауаның температурасы түнде біртіндеп 5-10 градусқа дейін, кей жерлерде 13 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ, ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 градусқа дейін ысиды», - делінген «Қазгидромет» таратқан ақпаратта.