$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2020, 13:43
Жаңалықтар

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы жансақтау бөлімдері толып кетті

Үлкен қалада үлкен аурухана жоқ

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы жансақтау бөлімдері толып кетті
baigenews.kz

Қазақстан бойынша коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған тұлғалар саны 115 мыңнан асқан. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

Оның айтуынша, қазір Шымкент пен БҚО-да ауруларды жатқызатын орын жетіспей жатыр. Әсіресе, Шымкенттегі инфекциялық аурухананың жан сақтау бөлімдері толып кеткен.

«Шымкент қаласы инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімдерінде реанимациялық төсек-орындар жетпей жатыр. Бұл халық тығыз орналасқан қалаларлың бірі. Бірақ, соған қарамастан, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары сияқты республикалық деңгейде үлкен ауруханасы жоқ қала», - деп баға берді Шымкенттегі жағдайға вице-министр. 

Эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен аймақтың бірі - Батыс Қазақстан облысы.

«Басқа елмен шекаралас жатқандықтан, Батыс Қазақстанда сырттан келетін аурулар саны көп. Аймақтың ішкі еңбек миграциясы да бар. Осыған байланысты, жүріп-тұру көп, сондықтан, коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды табу қиын. Жалпы, қазір ел бойынша, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар саны 115 мыңнан асты, олардың бәрін тексеріп жатырмыз», - дейді А.Ғиният.

Серіктес жаңалықтары