18.12.2025, 14:31
Жаңалықтар
Жезқазған тұрғынының үйінен 300-ден аса киіктің мүйізі табылды
Ол киік мүйіздерін далада жатқан жерінен тапқанын айтты
Фото: Ұлытау облысы ПД/Видеодан скрин
Ұлытау облысында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз сақталған киік мүйіздерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы азаматтан 322 киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін ол дала аумағында киік мүйіздерін жинап, кейіннен сату мақсатында үйінің шатырында сақтаған.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы және заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды