$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішімдік талап еткен: Алматыда әйел адам рейстен түсірілді

Ол жауапкершілікке тартылды

Ішімдік талап еткен: Алматыда әйел адам рейстен түсірілді
Фото: istockphoto.com

Алматы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін «Алматы-Ақтау» рейсінен 38 жастағы қала тұрғынын түсіріп тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде, отырғызу кезінде әйелдің алкогольдік мас күйде болғанын, өздігінен жүре алмағанын, бірнеше рет құлағанын, алкогольдік ішімдік талап етіп, агрессивті мінез-құлық танытқанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша жолаушы қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

«Көліктегі полиция мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары