«Танымал жұлдыздар өнер көрсетеді»: бүгін Алматының бас шыршасы жағылады
Қала әкімдігі балаларға арнап та шоу дайындаған
Бүгін, 18 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында Алматы қаласының бас шыршасы жағылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік кештің сахнасында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, дәлірек айтсақ, Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi сияқты әншілер өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.