«Ажырасқан әйел дәретхана секілді»: танымал әнші ойын айтамын деп дауға қалды (ВИДЕО)
Ол – Өзбекстанның халық әртісі
Өзбек эстрадасының «примадоннасы», «өзбек сахнасының ханшайымы» – O’zbekiston Qirolichasi атанған, танымал әнші, композитор, ақын, продюсер, Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова кезекті рет даулы мәлімдемелерімен қоғам назарын өзіне аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында оның бұл пікірі үлкен наразылық туғызды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Upl.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жолы сынға себеп болған жайт – әншінің ажырасқан әйелдердің қоғамдағы орны туралы айтқан өрескел әрі көпшілікке ауыр тиген сөзі болды.
Юлдуз Усманова көпшілік алдында әйел адамға ажырасуға болмайды деген пікірін білдіріп, ажырасқаннан кейін әйелге ер адамдар «үймелеп қалады» деген ой айтты.
Әнші өз сөзінде саяси әрі адамгершілік тұрғыдан әдепке сыймайтын теңеу қолданып, ажырасқан әйелдерді дәретханамен салыстырды.