$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 40-тан астам жаңа жылдық шырша орнатылатын болды

Шыршалардың шамы 19 желтоқсан күні сағат 18:00-де жағылады

Астанада 40-тан астам жаңа жылдық шырша орнатылатын болды
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің мәліметінше, биыл қалада 40-тан астам жаңа жылдық шырша орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл Астанадағы жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар «Ертегі Fest» бірыңғай ертегі стилінде өтеді.

Коньки тебу алаңдары, сырғанақтар, шағын сәулет формалары, фотоаймақтар және басқа да элементтер бойынша монтаж жұмысы желтоқсанның басында басталды. Жұмыс желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

«19 желтоқсан күні сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады. Барлық жерде – мұз айдындарында, сырғанақтарда, фотоаймақтарда және т.б. орындарда әртүрлі ойын-сауықтар бағдарламалары күтіліп отыр. Концерттік бағдарламалар барлық ірі орында сағат 17:30-дан бастап өтеді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары