Қостанайда полиция көше кезіп жүрген ер адамды ұстап әкетті (ВИДЕО)
Қостанайда психотроптық заттар партиясымен ер адам ұсталды
Қостанайда полиция қызметкерлері іс-әрекетінде күдік тудырған ер адамды ұстады. Кездейсоқ тексерудің нәтижесінде одан есірткінің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке тінту барысында одан изолентамен оралған, өсімдік тектес иісі бар екі орам табылды. Сонымен қатар полиэтилен пакет ішінде тағы да осындай он орам анықталды.
Ұсталған азаматтың айтуынша, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап ол Telegram мессенджеріндегі заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымын ұйымдастыру үшін пайдаланылған арналардың бірі арқылы қылмыстық әрекетке тартылған. Оның сөзінше, «онлайн формат» жеңіл табыс көзі ретінде ұсынылғанымен, алайда іс жүзінде бұл қылмыстық жауапкершілікке алып келді.
«Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы шамамен 20 грамм болатын тәркіленген зат псилоцин құрамындағы саңырау құлақтардың жеміс денелері болып саналатын психотроптық зат екені анықталды.
Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау және өңдеу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция ескертеді: мессенджерлер арқылы ұсынылатын «жеңіл ақша» көбіне нақты жазаға және тағдырлардың бұзылуына әкеледі. Онлайн-анонимдік жауапкершіліктен босатпайды.