18.12.2025, 11:41
Жаңалықтар
Қосшы қаласында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Оқыс оқиға бүгін болды
Фото: istockphoto.com
Қосшы қаласында жолаушылар мінген автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Қосшы қаласында мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Төтенше жағдайлар департаменті кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін ескертті.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды