$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда ер адам есірткіні ешкім білмейтін әдіспен жасырып жүрген жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Павлодарда «креативті» есірткі курьері магниттері бар «жасырын қоймаларды» дайындаған

Павлодар қаласында тыйым салынған заттардың ірі партиясын байланыссыз тәсілмен таратуды жоспарлаған 32 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күдікті бірнеше ай бойы полицияның бақылауында болды. Ер адам тұрғын үй подъезінің маңында кезекті «жасырын қойманы» қалдырмақ болған сәтте  ұсталды. Тінту барысында оның тұрғылықты жеріндегі пәтерінен синтетикалық есірткі заты бар салмағы 150 грамнан асатын түйіншек, таразылар, орау материалдары, қолғаптар, сондай-ақ «жасырын қоймаларды» әзірлеуге  дайындалған 6 мың магнит тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын жасыру мақсатында маркетплейстер арқылы магниттерге тапсырыс берген. Магниттердің көмегімен есірткіні металл заттарға бекітіп, жасырын орындардың фотосуреттерін түсіріп, координаттарын көлеңкелі интернет-дүкеннің кураторларына жолдаған.

Ал есірткі тұтынушылар аталған дүкен арқылы түйіншектердің нақты орналасқан жері туралы ақпарат алып отырған.

Серіктес жаңалықтары