Павлодар облысында құны 101 млн теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды
Тиісті мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды
Павлодар облысының Ақтоғай ауданында мемлекет мүдделерін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бойынша жүргізілген жұмыс аясында жер заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, талдау барысында «Жанабет» шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталды.
Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.
«Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты. Жалға алу шарттары бұзылып, учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Әкімдік қаулысымен бағалау құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне ресімделді», – делінген хабарламада.