17.12.2025, 15:51
Жаңалықтар
Қазақстанда доллардың құны қайта арзандады
Қазақстан Ұлттық банкінің 17 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 514,31 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,5 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 17 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы – 519,61 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 515,19 теңгеден сатып алынып, 517,32 теңгеден сатылуда.
Астанада долларды 512,65 теңгеден қабылдап, 519,63 теңгеден ұсынуда.
Ал Шымкент қаласында америкалық валюта 514,36 теңгеден сатып алынып, 516,41 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды