$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты Ақмола облысында жол жабылды

Жол 17 желтоқсанда ашылады

Ауа райына байланысты Ақмола облысында жол жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Астана – Щучинск арасындағы негізгі тасжолдың үлкен бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай учаскеде қозғалыс шектелді?

Шұғыл қызметтердің хабарлауынша, 2025 жылдың 16 желтоқсанында сағат 09:45-тен бастап келесі автожол учаскесінде қозғалыс шектелді: «Астана – Көкшетау – Петропавл». Учаске: 18-шақырымнан 232-шақырымға дейінгі аралық, яғни Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі бағыт.

Бұл шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Жол қашан ашылады?

Жол қызметтерінің мәліметінше, трассаның ашылуының болжамды уақыты – 2025 жылдың 17 желтоқсаны сағат 08:00.

Жүргізушілерге сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты міндетті түрде ескеружәне жолдардың жағдайы туралы ресми хабарламаларды қадағалап отыру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары