16.12.2025, 07:28
Жаңалықтар
Келесі жылы талапкерлер ҰБТ-ны неше рет тапсыра алады
Қаңтардан тамызға дейін ақылы оқуға түсу үшін, мамырдан шілдеге дейін грант конкурсына қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыруға болады
Фото: testcenter.kz
Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлер үшін ақпараттық жадынама жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰБТ-ны жылына 5 рет тапсыруға болады:
- қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
- негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін 2 мүмкіндік.
Кімдер қатыса алады?
Келесі жылы:
- биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз;
- ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды