$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрынғы күйеуінің жинағы туралы ақпарат ала алмаған әйел соттан көмек сұрады

Конституциялық сот ерлі-зайыптының есепшотқа қол жеткізуіне қатысты норманы зерделейді

Бұрынғы күйеуінің жинағы туралы ақпарат ала алмаған әйел соттан көмек сұрады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Конституциялық сот «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дауланып отырған нормаға сәйкес, банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

«Өтініш беруші ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызды дайындау кезінде неке кезеңінде бұрынғы жұбайының қаржылық жинағы туралы ақпарат ала алмаған. Оның пікірінше, қолданыстағы норма ерлі-зайыптының біреуін бірлескен жинақтар туралы ақпаратқа қол жеткізуден айырады және ерлі-зайыптының ортақ меншігіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді», - деп жазылған Конституциялық соттың хабарламасында.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Серіктес жаңалықтары