15.12.2025, 10:27
Жаңалықтар
Астанада салынып жатқан үйдің жетінші қабатынан құлаған жұмысшы мерт болды
Алдын ала мәлімет бойынша, қауіпсіздік талабы сақталмаған
Фото: freepik.com
Астанада салынып жатқан үйдің сыртын жөндеп жатқан 41 жастағы жұмысшы биіктен құлап кетіп, қаза тапты. Осыған байланысты, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының полиция департаменті оқиға 14 желтоқсан күні болғанын растады.
«Құрылыс нысандарының бірінде қасбетті жөндеп жүрген жұмысшының тросы үзіліп кеткен. Оқиға кезінде 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлайды қалалық ПД.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды