$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте елден шығуға болмайтын азаматтар шетелде қыдырып келген: оларға жеке сот орындаушысы көмектескен

Олардың заңсыз әрекеттері әшкере болды

Шымкентте елден шығуға болмайтын азаматтар шетелде қыдырып келген: оларға жеке сот орындаушысы көмектескен
Фото: freepik.com/ЖИ арқылы жасалды

Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының (ЖСО) борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғау фактілерін (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған) анықтады. Нәтижесінде 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділет министрінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысы енгізілді.

Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді.

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 12 ЖСО лицензиядан айырылды (сот актісі күшіне енді).

Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады және бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары